Сингапурмен қаржылық бақылау күшейеді

Қазақстан мен Сингапур банктік шоттарды анықтаудағы ынтымақтастықты күшейтеді,-деп хабарлайды Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы.

Құрылтайдың жалпы отырысында екі ел арасындағы қылмыстық істердегі өзара құқықтық көмек туралы келісім ратификацияланды. Келісімге сәйкес, тараптар банктік шоттар туралы ақпарат алу, қылмыстық жолмен алынған қаражатты анықтау және тәркілеу, дәлелдемелер жинау, тінту мен сараптама жүргізу бағытында өзара көмек көрсетеді.

Құжат трансшекаралық қылмыстарды тергеуді жеңілдетуге, заңсыз активтерді анықтауға және қаржылық қылмыстарға қарсы күресті күшейтуге бағытталған. Еліміз қазір осындай келісімдерді 35 мемлекетпен бекіткен.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика