Қазақтың белгілі айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова 76 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды ақын Серікзат Дүйсенғазы жеткізді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Әсия Беркенова 1950 жылы 22 сәуірде Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Сұлукөл ауылында дүниеге келген. Ол 1984 жылы Алматыда өткен Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста бірінші орын иеленген. Сондай-ақ бірнеше халықаралық айтыстың жүлдегері атанған.
Өнер иесі «Құрмет» және III дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.
