Қайрат Сатыбалдыдан тағы да 83 млрд теңгеге жуық қаржы 942 га жер қайтарылды

Бұл туралы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Мемлкеет басшысының қабылдауы кезінде айтты, деп хабарлайды Jurtmedia.kz

Қ.Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 млн АҚШ доллары) түскен. Бұдан бөлек, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылған. Оның нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асады, — деді Антикор басшысы Президентке берген баяндамасында.