Өлім жазасын орындау тәртібін жеделдету жоспарланып отыр

АҚШ президенті Дональд Трамп өлім жазасына кесілген адамдарға қатысты үкімдерді орындау үдерісін жеделдетуді көздеп отыр. Бұл туралы ол Әділет министрлігінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Елдің Әділет министрлігі балалардың өміріне қарсы қылмыс жасағандарға, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен адам саудасына байланысты кісі өлтіру қылмыстарын жасағандарға ең жоғары жаза тағайындауды талап етуге тиіс.

Сонымен қатар АҚШ-тың өңірлеріндегі полиция қызметкерлерінің санын арттыруға 150 миллион долларға жуық қаржы бөлінбек. Бұл қаражат есебінен құқық қорғау органдарына 1000-нан астам жаңа қызметкер қабылдау жоспарланған.

 Дональд Трамп Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомның шешіміне де тоқталды. Бұған дейін штат басшысы 540-тан астам сотталушының өлім жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған.

АҚШ президенті бұл шешім арқылы штат билігі қаза тапқандардың отбасыларының құқығынан гөрі қылмыс жасағандардың мүддесін жоғары қойып отыр деп санайтынын мәлімдеген.

Ал губернатор Гэвин Ньюсом өз шешімін өлім жазасының Калифорния штатының моральдық қағидаттарына сәйкес келмейтінімен түсіндірген.

Айта кетейік, Калифорнияда өлім жазасына қатысты сот үкімдері 2006 жылдан бері орындалмаған. Дегенмен бұған дейін өткізілген референдумдарда штат тұрғындарының басым бөлігі өлім жазасын сақтап қалуды қолдаған болатын.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика