Астанада жолақысы қымбаттайды

Елордада желтоқсан айының ортасынан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Енді қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 110 теңгеден 150 теңгеге дейін көтеріледі.

Қазіргі тариф 2014 жылы 90 теңге болып белгіленген. Содан бері небәрі бір рет қайта қаралып, 110 теңгеге дейін өскен.

Қала әкімдігінің мәліметінше, осы уақыт ішінде тасымалдаушылардың негізгі шығындары айтарлықтай артқан. Мәселен, дизель отынының бір литрі 2014 жылғы 107 теңгеден қазір 329 теңгеге дейін қымбаттаған. Жүргізушілердің жалақысы да 100-150 мың теңгеден 700 мың теңгеден басталатын деңгейге жеткен.

Сонымен қатар қосалқы бөлшектер, автобустарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, жаңа көлік сатып алу шығындары өскен.

Сондай-ақ, соңғы үш жылда елорда тасымалдаушылары 1127 жаңа автобус сатып алған.

Дегенмен әлеуметтік қолдау шаралары сақталады. Атап айтқанда, жеңілдігі бар азаматтар мен 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын пайдалана береді.

Жол ақысын көтеру қажеттілігі тасымалдау шығындарының өсуімен, автобус паркін жаңарту және маршрут желісін дамыту қажеттілігімен түсіндіріліп отыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика