Төтенше жағдайлар мимнстрлігі Шығыс Қазақстан облысының аумағында қарқындылығы 2 балдық жер сілкінісі болғанын мәлімдедіды, деп хабарлайды
«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер дүмпуі 6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 23.08-де тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 км жерде орналасқан. Ошақтың координаттары: солтүстік ендіктің 49.167°, шығыс бойлықтың 84.417°. Есептік қарқындылығы: ШҚО, Үлкен-Нарын ауылы – 2 балл, — деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымданған нысандар кездескен жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты, — деп хабарлады ТЖМ.
