Жәбірленушінің бірі Instagram әлеуметтік желісіндегі жиһаз дайындау туралы жарнаманы көріп, шарт жасасқан,
Өлшемдер алынғаннан кейін ол 4,5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат аударған.
Осыдан кейін екі алаяқ онымен байланысқа шығуды тоқтатқан. Олардың әрекеттерінен 19 азамат зардап шегіп, келтірілген залалдың жалпы сомасы 24,6 млн теңгеден асты.
Сотта мемлекеттік айыптаушы екі сотталушының кінәлілігін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды. Сот үкімімен олардың әрқайсысына 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды,-делінген Астана прокуратурасы берген мәліметте.
Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылып, келтірілген залал сотталушылардан өндіріп алынуға жатады.
