Той үстінде болған өрттен 22 адам көз жұмды

Қайғылы оқиға Конго Демократиялық Республикасының (КДР) астанасы Киншасадағы салтанат сарайларының бірінде болған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Actualité басылымының жазуынша, өрт басталған сәтте зал ішінде көптеген адам жиналған үйлену тойы өтіп жатқан.

Алдын-ала дерек бойынша, өрт салдарынан кемінде 22 адам қаза тапты.

Жергілікті билік өкілі Норбер Мушиги қаза тапқандардың нақты саны әлі анықталып жатқанын айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің де көп екенін атап өтті.

Алдын ала ақпарат бойынша, залда жалғыз ғана шығу есігі болған, соның салдарынан өрт басталған кезде кептеліс пен дүрбелең туындаған.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика