Қазақстан құрамасы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 113 елден қатысқан командалар арасында чемпион атанды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ойындар қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды.
Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар.
Жалпыкомандалық есепте 30 алтын медаль иеленген Қырғызстан екінші орынға, жеті алтын жүлдесі бар Ресей үшінші орынға тұрақтады. Қазақстандық спортшылар аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаз және жүлдегер атанды,-делінген Туризм және спорт министрлігі берген ақпаратта.
Айта кетейік, биылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты.
