Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратына жаңа кадрлар тағайындалды. Олардың ішінде бұрынғы Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықов та бар,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен: Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды; Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды; Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды,-делінген дереккөз берген ақпаратта.
Айта кетейік Жақсылықов 2022 жылғы 19 қаңтардан осы жылдың 8 маусымына дейін Қорғаныс министрі болған еді. Ол ел есінде журналистерге қарата айтқан, «Өкпелесең көшіп кет», -деген сөзімен көбірек қалды.
