Ескі де жаңа Үкімет: Кім кетіп, кім қалды?

Бүгін Құрылтайдың салалық комитеттерімен келісілген соң, Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов басқаратын Үкімет құрамы толық жасақталды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
.
Сонымен Бектенеов өзі қайта басқаруға тағайындалған Үкіметтің бүгінгі құрамына кімдер жаңадан қосылды, кімдер бұрынғы лауазымдарын сақтап қала алды?
 Мәселен:
Нұрлыбек Нәлібаев – Үкімет басшысының бірінші орынбасары
Қанат Бозымбаев – Вице-премьер министр
Ғалымжан Қойшыбаев – Үкімет аппаратының басшысы
Дәурен Қосанов – ҚР қорғаныс министрі
Ердан Сәденов – ҚР Ішкі істер министрі
Серік Жұманғарин – Ұлттық экономика министрі
Жаслан Мадиев – ЖИ және цифрлық даму министрі
Мәди Такиев – қаржы министрі
Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі
Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі
Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі
Ерсайын нағыспаев – Өнеркәсіп жыне құрылыс министрі
Жұлдыз Сүлейменова – Ооқу-ағарту министрі
Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі
Нұржан Нұржігітов – Су және ирригация министрі
Ақамарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі
Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылық министрі
Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі,
Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі, ретінде осыған дейінгі Үкімет құрамындағы қызметтерін жалғастыруға кірісті.
Ал, Мұхтар Тілеуберді, – ҚР СІМ министрі
Арман Қырықбаев – Мәдениет және ақпарат министрі
Әлібек Қуантыров – Экология және табиғи ресурстар министрі
Мұрат Мұханов – Төтенше жағдайлар министрі болып жаңадан тағайындалды.
Айта кетейік, Үкімет құрамына бүгін қосылған осы төрт министрдің ішінде Мұхтар Тілеуберді, 2019-2023 жылдар аралығында аталған ведомствоны бір мәрте басқарып кеткен.
23 тамыздағы Құрылтай сайлауына байланысты тарағанға дейін бұл министрлікті Ермек Көшербаев басқарды. Ал, Мәдениет және ақпаратты Аида Балаева, ТЖМ-ін Шыңғыс Әрінов, Экология және табиғи ресурстарға Ерлан Нысанбай басшылық етті. 

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика