Ішкі істер министрлігі жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық бағыттағы жұмыстарды күшейтілген режимге көшіріп отыр, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ішкі істер органдары үшін бұл бағыттың орны бөлек.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қылмыс жасалғанға дейін – құқықтық тәрбие беруден, мәселелерді уақтылы анықтаудан, балалармен және отбасылармен жеке жұмыс жүргізуден басталуы тиіс.
Сол себепті 2026 жыл ІІМ жүйесінде Балалар қауіпсіздігі жылы болып жарияланды. Негізгі міндет – мектептерде, көшеде, қоғамдық орындарда және цифрлық кеңістікте балалар үшін барынша қауіпсіз орта құру мен профилактикалық жұмысты күшейту.
Мектептердегі қауіпсіздік және инфрақұрылым:
-
Қазақстан бойынша 7 656 жалпы білім беретін мектепте 283 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған.
-
7 159 мектеп ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына немесе кезекші бөлімдеріне қосылған.
Жол қауіпсіздігін тексеру:
-
Мектеп айналасындағы жол инфрақұрылымына 9 417 тексеру жүргізіліп, 4 070 нұсқама берілді (3 440-ы орындалды).
-
Талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша 11 хаттама толтырылды.
-
Білім беру ұйымдарының жанында 258 жаяу жүргіншілер өткелі, 1 429 жасанды жол кедергісі, 4 854 жол белгісі, 10 шақырымнан астам шарбақ-қоршау және 1 897 жарықтандыру нысаны орнатылды.
Сонымен қатар ведомство өкілдері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек полицияның күшімен мүмкін емес. Бұл орайда ата-аналардың, педагогтердің, мемлекеттік органдардың және бүкіл қоғамның бірлескен жұмысы маңызды, екенін атап өтті.
