Түнде Алматы облысының Қарасай ауданында, Үлкен Алматы асуының маңында, 3600 метр биіктікте үш турист таудан түсіп келе жатып адасып, құтқарушылардан көмек сұраған, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Бұтақты» бақылау-құтқару бекетінен Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары көмек көрсету үшін жолға шықты.
Топпен байланыс орнатылып, олардың геолокациясы белгілі болды. Құтқарушылар туристерді «Алма-Арасан» шипажайына дейін аман-есен алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмады,- делінген ТЖМ берген ақпаратта.
Фото: ТЖМ таратқан видеодан алынды.
