Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды,-делінген ақпаратта.
