Елімізде мүлде несиесі жоқ азаматтар саны өсіп келеді

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мойнында несиесі бар азаматтардың үлесі 88,6%-дан 87,1%-ға дейін азайған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы Қазақстан қаржы қауымдастығы жасаған шолуында тоқталып өтті.

Яғни, егер елдегі экономикалық белсенді халық саны 9,83 млн десек, несиесі жоқ адамдар саны 147,5 мыңға көбейген. Демек, экономикалық белсенді халықтың ішінде 1,27 млн-ға жуық адамның мүлде несиесі жоқ. Қалған 8,56 млн адам банк алдында қарыздар. Яғни, әрқайсысы орташа есеппен 3 млн теңгеден қарыз. Алайда, несиесі бар адамдардың қарыз сомасына келер болсақ, жыл басынан бері ол 4,3% өскен.

Яғни, біреулер несиесінен біржола құтылып жатса, енді біреулердің қарызы одан сайын көбейіп бара жатыр деген сөз.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика