112 пультіне Аюсай сарқырамасы маңында, теңіз деңгейінен шамамен 2500 метр биіктікте екі турист өздігінен төмен түсе алмай қалғандығы туралы хабарлама келіп түскен,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Дереу әрекет еткен құтқарушылар оларды аман-есен қауіпсіз жерге түсірді.
Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары аттанып, туристерді қарсы алып, қауіпсіз жерге түсуді ұйымдастырды. Туристер «Аюсай» визит-орталығына дейін жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады,-делінген дереккөз берген ақпаратта.
