ОСК Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша алдын ала нәтижені жариялады

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады – деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Құзырлы органның берген мәліметінше, Құрылтай сайлауында сайлаушылырдыі 74,19 пайызы дауыс берген. Жалпы дауыс бергендер саны: 9 352 151 сайлаушы. Тізімдегі жалпы сайлаушылар саны: 12,6 миллионнан астам адам.

ОСК берген ақпаратқа сүйенсек додаға түскен жеті партия ішінде «Әділет» партиясы басым дауыспен көш бастап тұр. Оларға сайлау кезінде 6 528 978 адам дауыс берген. Бұл жалпы сайлауға қатысушылардың 71,17 пайызы.

Қалған алты партияның дауыс жинау нәтижесі төмендегіше:

«Ауыл» партиясы — 6,26 пайыз

Respublika партиясы — 5,56 пайыз

«Ақ жол» партиясы -5,21 пайыз

ЖСДП — 5,11 пайыз

ҚХП — 3,11 пайыз

BAITAQ партиясы — 1,07 пайыз дауыс жинаған.

Саайлаушылардың 2,51 пайызы «Бәріне қарсымын»,- деп таңдау жасаған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика