Алдағы оқу жылында мектептерде жаңа оқу курстары енгізіледі

Алдағы бірінші қыркүйектен бастап мектептердегі білім беру мазмұны бірқатар жаңа міндетті оқу курстарымен толықтырылады,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты. 

5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі. 8-11-сыныптарда «Заң және тәртіп» міндетті оқу курсы енгізіледі. Сонымен бірге 5-11-сынып оқушылары үшін «Жеке қауіпсіздік» міндетті оқу курсы енгізіледі. Бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылып келген «Құқық негіздері» курсы барлық оқушылар үшін міндетті пәнге айналады және мазмұны Жаңа Конституция қағидаттарына сәйкестендірілді,-деп атап өтті министр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика