Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен елдегі мемлекеттік наградалар тізіміне тағы екі құрметті марапат қосылды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы, Айбек Смадияр Telegramm парақшасында сүйіншіледі.
Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады,-делінген дереккөздегі жазбада.
Оның айтуынша, аталған мәртебелі марапат ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.
