2023 жылға дейін Ресей азаматы болған, inDrive компаниясының негізін қалаушы, бизнесмен Арсен Томский қазақ қызымен отбасын құрды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Томский 37 жастағы қазақстандық Камила Лукпановамен үйлену тойларын 15 тамызда Ыстамбұлда атап өткен.
Бұл туралы кәсіпкердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Қазақ еліне +1 күйеу бала», – деп жазды ол Threads парақшасында.
Қазір Арсен Томский 52 жаста.
Үйлену тойына Қазақстанның белгілі кәсіпкерлері мен қоғам қайраткерлері де барған.
Олардың арасында инвестор Марғұлан Сейсембаев, Technodom негізін қалаушыЭдуард Ким, Astana Group негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, Forbes Kazakhstan баспагері және Tan Media Group иесі Арманжан Байтасов, BI Group негізін қалаушы Айдын Рахымбаев, ресторатор Александр Скрипиндер бар.
Айта кетейік, Арсен Томский соңғы жылдары әйгілі inDrive компаниясын Қазақстанға көшірген. Өзі 2023 жылы біздің елдің азаматтығын алды. Оның байлығы 1 миллиард АҚШ доллары. Ол елдегі ең бай 10 бизнесменнің қатарына кіреді.

