Еліміздің Көлік министрлігі Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы әуе рейстерінің санын арттыруды жоспарлап отыр,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі жазды.
Осы жылдың тамыз айынан бастап AJET Астана-Анкара және Алматы-Анкара бағыттары бойынша әр бағытта ұшулар санын аптасына екіден жетіге дейін арттырады,-делінген дереккөз берген ақпаратта.
Ұшу жиілігінің артуы екі ел арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.
Сонымен қатар ҚР Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізуде екенін атап өтті.
