Елімізге танымал банкир Қайрат Келімбетов Freedom Holding Corp. директорлар кеңесі мүшелігі қызметінен босатылды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Чиновник Telegramm арнасының жазуынша, ол қызметтен өз еркімен кеткен.
Компания оның кетуі ешқандай келіспеушіліктерге байланысты емес екенін атап өтті. Өзгерістен кейін директорлар кеңесінің құрамы жетіден алты мүшеге дейін қысқарды,-делінген дереккөз берген ақпаратта.
Айта кетейік, Қайрат Келімбетов Freedom Holding Corp. директорлар кеңесінде 2024 жылдың маусым айынан бері қызмет етіп келді.
