Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Air Astana әуе компаниясы арқылы Абу-дабиға ұшуы тиіс екі рейстің бірі Астанаға кері оралатыны айтылды,—деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Әуе компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, 12 шілдеде Астанадан 07.10-да ұшқан Астана-Дубай KC205 рейсі ұшып кету әуежайына қайтып оралады.
Сондай-ақ бүгін сағат 08: 50-де ұшуға жоспарланған Алматы-Дубай КС 897 рейсі тоқтатылды.
Жолаушыларға сатып алу орны бойынша билеттердің құнын толық қайтарылады. Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады. Air Astana жағдайды мұқият бақылап, қалып қалған жолаушыларды шығару мәселелерін шешеді. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын-ала тексеруді сұраймыз. Себебі межелі әуежайларға ұшу және ұшып келу уақытында өзгерістер боуы мүмкін,-делінген дереккөз берген ақпаратта.
Байланыс үшін: Air Astana Брондау және ақпарат орталығы (24/7): help.airastana.com + 7 727 244 4477 + 7 7172 584477 +7 702 702 4477 Рейстерді кешіктірген жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78 WhatsApp: +7 702 702 00 74 Online chat: airastana.com
