Мемлекет басшысының жарлықтарымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметі жазды.
Сондай-ақ Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, және Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
