Үйге талас кезінде сотта жеңіліп қалған ұлы әкесін пышақтап өлтірді

Оқиға Үндістанда болған. Ер адам үйге меншік құқығына қатысты сот ісінде жеңіліске ұшырағаннан кейін 82 жастағы әкесіне пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы жергілікті NDTV арнасы жазды.

Екі жыл бойы қарт Джафар Пател ұлы Абдул Рехманды агрессивті мінез-құлқына байланысты отбасылық үйінен шығару үшін сотта күресіп келген. Дереккөздің айтуынша, ер адам үнемі жанжал шығарып, туыстарына шабуыл жасаған.

Сот дауды зейнеткердің пайдасына шешіп, үйді оның меншігінде қалдыруды бұйырды. Сонымен қатар ұлын үйден кетуге шешім шығарған. Алайда, шешім жарияланғаннан кейін ашуланған Абдул Рехман әкесіне шабуыл жасады. Ол өзі жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатып, куәгерлердің көзінше әкесін пышақтап өлтірген.

Пателдің қасында отырған қызы да шабуыл кезінде жарақат алды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Фотоколлаж: дереккөзден.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика