Каспи теңізі жағасында туған күнін тойлап жатқан жас жігіт жоғалып кетті

7 шілде күні түстен кейін O’Mir курорттық қонақ үйінің маңында жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсехановты іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Туыстарының сөзіне сілтеме жасаған Lada.kz сайтының жазуынша, жас жігіт туған күнін Ақтаудан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан O’Mir курорттық қонақ үйінің маңында достарымен тойлап жатқан. Сағат 15:00 шамасында ол теңіз маңында жоғалып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Іздеу жұмыстарын қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ Азамат Дүйсехановтың туыстары, достары және жақындары атсалысуда. Оның отбасы Азаматты іздеуге жұмылдырылған күш жеткіліксіз деп отыр.

Отбасы барлық мүдделі тұрғындарды іздеуге қосылуға шақырады. Еріктілер, дрон операторлары және қайық иелері атсалысса екен дейді.

Олар сонымен қатар 7 шілдеде курорттық қонақ үй аумағында болған барлық адамдардан сұрастырып жатыр.

Туыстары Азамат Дүйсехановтың қайда екендігі туралы кез-келген ақпарат білетін адамдар  +7 (778) 967-61-23 және +7 (775) 985-57-54 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика