Ел азаматтары әуеде де интернет қызметін қолдана алатын болады

Алдағы уақытта әуе кеңісітігінде жоғары жылдамдықтағы интернет қызметін пайдалануды жүзеге асыру жоспарланып отыр -деп хабарлайды  Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитеті Air Astana және американдық Viasat компаниясы өкілдерімен кездесу кезінде айтылған.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратынша, тараптар әуеде жоғары жылдамдықты интернетті іске қосу мәселесін талқылаған.

Тараптар ұшақтарды спутниктік байланыс жүйелеріне қосудың заңды және техникалық мәліметтерін талқылады, халықаралық тәжірибені зерттеді және келесі қадамдар туралы келісті.

Air Astana ұшақтарында технологияны пилоттық сынақтан өткізу 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.

Егер сынақтар сәтті өтсе, қазақстандық әуе жолаушылары интернетті ұшу кезінде пайдалана алады — қазіргі уақытта бұл ел ішіндегі және аймақтағы рейстерде сирек кездесетін жағдай болып отыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика