Көлсайда демалып жүрген қыз баланы жылан шағып алды

Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында кезекшілік атқарып жүрген жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне демалушылардың бірі 16 жастағы қызды жылан шаққаны туралы хабарлаған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан кейін қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі жағдайда зардап шегушінің жағдайы бірқалыпты.

ТЖМ ескертеді: жылы мезгілде жыландар белсенді болады. Табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын сақтаңыз, белгіленген жерлерден ары шықпаңыз, демалыс орнын мұқият тексеріңіз және жыландарға жақындамаңыз әрі оларды ұстауға тырыспаңыз. Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз және 112 нөміріне хабарласыңыз.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика