Шетел азаматтары, соның ішінде ресейліктер үшін Қазақстан шекарасынан өтудің жаңа ережелесі енгізілді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қазақстан Президенті электрондық кіруге рұқсат беру жүйесін енгізу туралы заңға қол қойды.
Мұндай рұқсат алу ақылы мемлекеттік қызметке жатады.
Жаңа жүйе Қазақстанға кіретін немесе транзитпен өтетін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Рұқсаттар құзыретті мемлекеттік органдардың мақұлдауынан кейін цифрлық түрде беріледі.
Сонымен қатар, билік органдары цифрлық иммигрант профилін және шетелдіктердің бірыңғай дерекқорын жасауда. Бұл шаралар миграциялық бақылауды күшейтуге және шекара рәсімдерін жеделдетуге бағытталған. Электрондық рұқсат алудың ақысы мен тәртібі қосымша ережелермен анықталады.
