Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан бір үйдің бес қызы көз жұмды

Қайғылы оқиға 27 маусымда Еңбекші ауылының маңында болған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Ақпаратты Криминальный Казахстан Telegramm арнасы жариялады.

Көлік өте жоғары жылдамдықпен келіп бұрылыс жасай алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Соқққының қатты болғаны соншалық, көлік екіге бөлініп кеткен.

Көлік ішінде болған бес қыз бала ауыр жарақаттардан бірден қайтыс болды. Тек рульде болған бір жасөспірім аман қалған. Ол қазіргі уақытта  жансақтау бөлімінде. Қайтыс болған бес қыз да бір отбасының қыздары болған.

Түркістан облысының полиция департаменті апатқа байланысты қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші орта мектепті жақында бітірген тұлектердің бірі  болуы мүмкін.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика