Павлодарда бір топ жасөспірім зират күзетшісіне пышақпен шабуыл жасаған

Кәмелетке толмаған бірнеше бала қала шетіндегі зират аумағына кіріп, күзетшіге бірнеше мәрте пышақ жұмсаған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Күзетші 1963 жылы туған ер адам болған.

Ол Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жатқызылды. Сол жерде қажетті ем қабылдап, бес күннен кейін үйіне жіберілді.

Аталған дәйек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдіктілер анықталып, тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика