Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тынымбайұлы Қаринді Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, — деп жазады Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұған дейін ол төрт жылға жуық мемлекеттік кеңесші қызметін атқарған.
Жаңа тағайындауға байланысты Ерлан Қарин 2022 жылдың маусымынан бері атқарып келген Мемлекеттік кеңесші қызметінен босатылды.
Ерлан Карин туралы мәлімет:
Ерлан Карин 1976 жылдың 26 мамырында Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсу ауылында дүниеге келген.
Мамандығы – тарихшы. 1996 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «тарих және география» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде аспирантураны аяқтап, саясаттану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
Еңбек жолын Ақтөбеде тарих және география пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Кейін түрлі аналитикалық орталықта жұмыс істеп, саяси зерттеулермен айналысты және мемлекеттік органдарға кеңес берді.
Мемлекеттік қызметтегі мансабы:
Премьер-Министрдің штаттан тыс кеңесшісі;
«Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары;
Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі;
Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
«Нұр Отан» партиясының хатшысы;
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры;
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы басқарма төрағасы;
Қазақстан Президентінің кеңесшісі және көмекшісі.
2022 жылдың қаңтарында Ерлан Карин мемлекеттік хатшы болып тағайындалды, ал бірнеше айдан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі болды.
