Елімізде қанша бұқаралық ақпарат құралы тіркелген

Бүгін, яғни 28 маусым Қазақстанда бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтуде,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі елдегі тіркелген БАҚ-тың толық статистикасын жариялады. Ведомствоның берген мәліметінше бүгінде 5303 түрлі масс-медиа құралы есепке алынған.

Олардың ішінде 318 мерзімді баспасөз басылымы. Яғни, газет=журналдар. 253 телеарна, 315 шетелдік телеарна, 97 радиостанция болса, қалған 1457 түрлі ақпарат агенттігі мен интернет басылымдар. 

Сондай-ақ министрлік отандық Масс-медиаға қатысты әр жылдардағы заңнамалық өзгерістер туралы да ақпарат жариялады.

Мәселен, 2023 жылғы 10 шілдеде «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заң. Сонымен қатар, 2024 жылғы 19 маусымда «Масс-медиа туралы» арнайы заң қабылданды. 2025 жылғы «. наурыздан бастап, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР заңына енгізілген өзгерістер күшіне енді. 

Айта кетейік, елімізде  2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 28 маусым ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) қызметкерлерінің күні болып бекітілді. Бұл күн 1997 жылы дәл осы күні Қазақстанда «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» алғашқы Заңның қабылдануына байланысты таңдалған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика