ТЖМ мәліметінше, өрт жолаушылар таситын автобустың қозғалтқыш бөлігінен шыққан, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оқиға елордадағы Есіл ауданында Әл-Фараби даңғылы бойында болды. шақыру түскен бетте Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару қызметі мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы дереу жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде автобустың қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқанын анықтады.
Құтқарушылар келгенге дейін барлық жолаушылар автобустан эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің үйлестірілген күш-жігерінің арқасында өрт тез арада сөндірілді. Арнаы мамандар тілсіз жаудың бүкіл автобусқа таралуына жол бермеді, — делінген ТЖМ берге ақпаратта.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі тергелуде.
