Қазақстан Халық партиясының төрағасы, Ермұхамет Ертісбаев өз орнын босатты, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ал оның орнына қырық жастағы жас саясаткер Нұрсұлтан Шоқанов жаңа көшбасшы болып сайланды.
Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев басшылық міндеттерінен кетті. Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының жаңа басшысы болып сайланды. Бұл шешім 27 маусымда өткен кезектен тыс партия съезінде қабылданды,-делінген дереккөз таратқан ақпаратта.
Ертісбаев 2022 жылдың наурыз айында Халық партиясының көшбасшысы болды.
жаңа төраға болса, 2021 жылдан бастап Қазақстан Халық партиясынан 7 және 8 шақырылымдағы Алматы мәслихатының депутаты болды, онда құрылыс, сәулет, қалалық инфрақұрылым, қала құрылысы және жер қатынастары комитетін басқарды.
2022 жылдың соңынан бастап ол партияның Алматы қалалық филиалын, содан кейін Алматы облыстық филиалын басқарды. 2023 жылы ол Алматыдағы Атамекен аймақтық кәсіпкерлер палатасын басқарды. Кейіннен Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі және төрағасының орынбасары болып сайланды.
Айта кетейік бұған дейін, еліміздегі Ақ жол, Ауыл, партияларының төрағалары ауысқан еді.
