Аптап ыстық: Алдағы күндері елімізде тұрақсыз ауа-райы сақталады

Қазгидромет мекемесі 27-29 маусымға арналған елдегі ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде белсенді циклон мен атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кейбір аудандарда жаңбыр мен найзағай, екпінді жел және бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ еліміздің Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында нөсер жаңбыр жауады.  

Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 18-26°C дейін төмендейді, оңтүстікте де ыстық 28-38°C дейін, ал солтүстікте  22-30°C дейін аптаптың беті біршама қайтады.

Сонымен қатар, еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық аймақтарында ыстық ауа райы сақталады, күндізгі температура +33°C-тан +38°C-қа дейін жетеді, ал кейбір аудандарда +40°C өте жоғары аптап болжанып отыр, — деп жазды Қазгидромет.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика