Әлем Кубогы: Бокстан ел құрамасы 4 алтын медаль жеңіп алды

Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан әлем кубогында Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық — сараптамалық порталы.

ҰОК мәліметтері бойынша, 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Санжар Ташкенбай команданың төртінші алтынын жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын медаль бар. Бұған дейін бірінші орынды Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) иеленген болатын, — делінген Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі берген мәліметте. 

Ташкенбай финалда өзбекстандық Асылбек Джалиловты екі жақты төрешілікпен жеңді.

Абылайхан Жүсіпов 70 келіге дейінгі салмақтағы финалда үндістандық Дипакты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңгені туралы да хабарланды.

Бұған дейін Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегерлері атанған болатын.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика