Астана медицина университетіне Шармановтың есімі беріледі

Мемлекет басшысы салалық жоғары оқу орындарына көрнекті медицина қайраткерлерінің есімін беру туралы бастаманы құптады,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық — сараптамалық порталы.

Бұл туралы Президент бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шарада айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған «Астана медицина университеті» цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді.

Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын.   Сонымен қатар астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болар еді. Мұның символдық мәні де зор,-деді Тоқаев.

Сонымен қатар, президент Қарағандыдағы медициналық жоғарғы оқу орнына осы біл ордасының негізін қалаған ғалымның есімін беру туралы ұсынысты да қолдайтынын жетікізді.

Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің атын беру туралы Үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдаймын,-деді ол. 

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика