Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде бірнеше заңсыз қаруды сақтау дәйектері анықталды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Іс-шараны еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған.
Барлығы 63 бірлік, оның ішінде 4 «Калашников» автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, «РШГ-2» реактивті шабуыл гранатомет, сондай-ақ 4 граната және 188 оқ-дәрі тәркіленді. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылды және тәркіленді,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото: дереккөзден
