Қазақтың атын әлемге танытқан Димаш Құдайберген кеше ғана Миландағы қысқы олимпиадада қазақ халқына тарихи алтын медаль сыйлаған спортшы Михайл Шайдоровқа алғыс айтып, ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы жезтаңдай әнші әлеуметтік желідегі парақшасында өзі мәлімдеді. Ол Мишаны кешегі марқұм Денис Тен армандап кеткен жетістікке жетті, деп атап өтті.
Мишабай бауырым, Олимпиаданың алтыны құтты болсын! Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үсітндегі сенің өнерің қимылыңмен сен чемпион ғана емес, дүйім жұртқа рух пен шабыт сыйлаған үлкен азаматымызға айналдың. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң халқымыздың өкінішке орай маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпай, ағаңның алдындағы еліміздің халқымыздың алдындағы борышыңды жоғары деңгейде өтедің. Болашақта мұз үстіндегі жолың жарқын, шабытқа толы болсын! Өнеріңмен әлемді бағындырып, жаңа белестерге жете бер! Олимпиада кезінде менің орындаумдағы әнді таңдап, мені де бір марқайтып қойдың, көптен-көп рахмет! Осы орайда саған өз атымнан, аз да болса көптей көр, темір тұлпар сыйлаймын,- деді әнші.
Айта кетейік, Михайл Шайдоров Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпида кезінде мұз үстінде мәнерлеп сырғанаудан латын медаль иеленген. Бұл медаль ел қоржынына араға 32 жыл салып түсіп тұрған алтын.
