Бұндай мәліметті бүгінгі сенат кулуарында Қаржы министрінің орынбасары, Дәурен Темірбеков келтіріп отыр, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Алдыңғы АЭС салуға қатысты референдумға ел бюджетінен кеткен шығын Т15,5 млрд болған. Ведомство өкілі осы референдумның қымбатқа түсу себебін, елдегі халық санының артуымен түсіндірді.
Сома әзірге белгісіз. Біз ОСК-дан бюджеттік өтінімді күтіп отырмыз. Менің ойымша, бұдан көп болады өйткені халық саны артты, инфляция деңгейі бар. Халық саны көбейгендіктен, сәйкесінше, сайлау учаскелері де көп болуы керек. Сондықтан сома да көбірек болады деп күтіп отырмыз, – деді вице-министр.
Сонымен қатар Темірбеков 15 наурызда өтетін халық таңдауына нақты қанша қаражат жұмсалатына алдағы екі күн ішінде нақты белілі болатынын атып өтті.
