Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет дүкен анықталды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қылмысты ашу операциясын ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті жүргізді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық сүйемелдеуді қамтамасыз еткен тұлғалар ұсталды.
Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,- деп жазды ІІМ баспасөз қызметі.
Фото: дереккөзден
