Бельгиядан жеткізілген 19 тоннадан аса алмұрт кері қайтарылды

Маңғыстау облысының Құрық портына Бельгия Корольдігінен жалпы салмағы 19,2 тоннаны құрайтын карантинге жатқызылған өнім — алмұрт партиясы әкелінген деп хабарлайды, Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Құжаттық тексеру барысында өнімнің Қазақстан аумағына мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде міндетті болып табылатын фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталды.

  Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнім партиясын экспорттаушы ел — Бельгияға кері қайтару туралы акт ресімделді, — делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі берген ақпаратта.

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитарлық талаптарды сақтау өсімдік шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы міндетті шарт екенін және ел аумағына карантиндік нысандардың енуі мен таралуын болдырмауға бағытталғанын еске салады.

Фото: ашық дереккөзден

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика