Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамалды

Қостанай облысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов ұсталды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

«Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспановтың ұсталғанын хабарлады. Ол қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында өтіп жатыр», — делінген облыс прокуратурасы берген ақпаратта.  

Сот шешімімен күдікті бұлтартпас шара ретінде қамауға алынды.  Тергеуге қатысты өзге деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика