Атырауда жоғалған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды

5 маусымда із-түссіз жоғалып кетіп артынан денесі табылған  2018 жылы туған жас қыз баланы өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Күдіктіге қатысты  сот оны қамауға алуға санкция беріп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 5 маусым күні сағат 12:00 шамасында Құлсары қаласында 2018 жылы туылған кәмелетке толмаған бала үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Сағат, 21:28-де оның ата-анасы полицияға хабарласқан. Бірқатар жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 6 маусым күні сағат 02:19 шамасында баланың өлі денесі табылған болатын. 

Бұл күнде Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысы басшылықтың ерекше бақылауында.