Путин майдандағы шабуылды тоқтатуға дайын

Ресей президенті майдан шебінде Украинаға жаппай шабуылдап, басып кіру әрекеттерін тоқтатуды ұсынды. Бұл туралы Financial Times басылымы үш дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеді,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Олардың айтуынша, Путин Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын толық бақылау туралы талапқа мойынсұнуға дайын. Тек АҚШ Мәскеуге кеңірек геосаяси жеңілдіктер жасаса болғаны. Кремль билігі америкадан Қырымды мойындап, Украинаның НАТО — ға кіруіне тыйым салуын күтіп отыр. Мұндай мәлімдемені Ресей президенті АҚШ-тан келген арнайы өкіл Стивен Виткоффпен кездесуде айтқан. Екіжақты келіссөз 11 сәуірде Санкт-Петербургте өткен болатын.

Баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейбіт мәмілеге қатысты қарқынды жұмыс жүріп жатқанын хабарлаған. Алайда, бірден нәтиже күту мүмкін еместігін, ол үшін маңызды шешімдер қабылдап, көп уақыт қажеттігін айтқан.