LS басылымының мәліметінше, Ұлттық жекешелендіру кеңсесі Павлодар мұнай-химия зауыты мен Атырау мұнай өңдеу зауытын 2028 жылға дейін тапсыруды ұсынған,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бірақ Жоғарғы реформалар кеңесінде бекітілгеннен кейін ғана инвесторларды іздеу жұмыстары басталады.
«Ашық нарыққа шығарылатын мемлекеттік активтердің тізімі 2025 жылдың 9 маусымына дейін әзірленіп, «Жекешелендіру агенттігіне»ұсынылуы тиіс. Қазір бұл құжат жекешелендіру мүмкіндігін қарастыру үшін үкіметке жолданған», – делінген хабарламада.
Мұнай өңдеу зауыттарынан бөлек, жекешелендіруге ұсынылған тізімде «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес ұйымдары да бар. Алайда оларға қатысты нақты шешім әзірге қабылданбаған.