Өткен аптада Президент төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов командасы елдегі ҚҚС мөлшерін 20 пайызға дейін көтеру туралы ұсыныс айтты. Үкіметтің бұл ұсынысына қатысты билік пен халық арасындағы пікір екіге жарылды,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Аталған ұсыныс елге белгілі көптеген экономист-сарапшылар тарапынан да қолдау таппай отыр. Тіпті отандық кәсіпкерлер тарапынан да қарсылыққа тап болды. Мәселен, елдегі кәсіпкерлердің басын қосып отырған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері ҚҚС мөлшерлемесін қазіргі 12-ден 10 пайызға түсіруді сұрады.
Мәселен, белгілі экономикалық-сарапшы бұл күнде АҚШ-та тұратын Мұрат Қастаев салықты төлеу жеңіл және тиімді болу керек. Үкіметтің айтып отырған ұсынысы елдегі көлеңкелі бизнестің санын көбейтеді дегенді алға тартады.
Жалпы Үкіметтің ҚҚС көтеру туралы ұсыныысына айтарым — үкіметте отырғандар бизнесті түсінбейді. Олар ұсынған шаралардың нәтижесі тек бизнестің көлеңкеге кетуіне, кәсіптерін бірнеше бөлікке бөліп, салықтың азаюына әкеліп соғады. Меніңше, бюджеттің кірісін арттыру үшін, салықты төлеу жеңіл және тиімді болу керек. Сонда бизнес бар күші мен уақытын салықтан қашуға емес, ілгері жылжу, даму, кәсібін өсіру, жаңа технологияларды енгізу сияқты нәрселерге бөледі. Үкімет мынаны ескеру қажет – бизнесмен үшін салықтан қашқаннан гөрі оны төлеген жеңіл, тез және тиімді болуы керек, — дейді сарапшы.
Ол сонымен қоса мәселені керісінше салық көлемін азайту арқылы шешуге болатынын айтады. Оның пікрінше, Үкімет дегеніне жетіп, салықты шынымен көтерер болса, онда елдегі кәсіпкерлік нысандарының саны аз уақыт ішінде айтарлықтай азаюы мүмкін.
Менің ұсынысым мынадай; Біздің үкімет керісінше былай айтса — салықты 2 есе азайтамыз, бірақ осы төмен салықты төлемесең, айыппұлды 3-5 есе көтереміз десе, онда бәрі төлей бастайды. Сәйкесінше, салық базасы өседі, яғни салық төмен болады, бірақ оны бәрі төлейді. Нәтижесінде бюджет табысы тек артады. Ал қазіргі Үкімет ұсынып отырғандай салықты көтерсе, оны төлейтін отандық бизнес субекітлерінің саны күрт азаяды,- дейді М. Қастаев.
Осы тұста тағы бір сарапшы, белгілі зкономист Мақсат Халықтың да пікірі жоғарыдағы Мұрат Қастаевтың ойымен үндесіп отыр. Ол да Үкіметтің бұл шешімі елдегі шағын және орта бизнесті құрдымға кетіреді дегенді айтады.
Мәселен, Үкімет айтып отырған шағын орта бизнестегі шекті сомманы 15 млн. теңгеге дейін түсіреміз деген мәселесі де құлаққа кірмейді. Себеб, бұл талап енетін болса елдегі микробизнес те шағын және орта бизнес те қосымша құн салығын төлеуге міндеттелетін болады. Өйткені, айына шамамен 1 млн. теңгеден сәл ғана асатын айналымды елдегі кез-келген микробизнес жасай алады. Бірден айтайын, бұндай қадамнан елдегі бизнесітің барлық түрі айтарлықтай зардап шегеді. Біразы құрдымға кетеді деп айтуға болады. Менің ойымша алдымен бизнес көркейіп өсіп алған соң барып, салық төлеу керек,-дейді М. Халық.
Сонымен қатар ол экономист ретінде мәселені шешуге қатысты өз ұсынысын айтып өтті. Оның пікірінше елдегі бизнес секторына бөлшек сауда салығы жүйесіне өтуге мүмікіндік беру қажет.
Менің бұл жерде нақты ұсынысым, біз бөлшек сауда салығына өттік. Енді соны кеңейтіп жағдайын жасау керек. Яғни, көптеген бизнес субектілеріне осы бөлшек сауда салығына өтуге мүмкіндік туғызу қажет. Сонда егер бизнес субектісі ЖШС болса 8 пайыз ал жеке кәсіпкер болса 4 пайыз төлейді. Бұл екі жаққа да ыңғайлы болар еді.
Осы орайда тағы бір айтылатын мәселе, өткенде осы Бөлшек сауда салығындағы ең төменгі мөлшерлемені 2 млрд теңгеден 500 млнға дейін төмендету туралы айтылып қалды. Меніңше біз отандық ШОБ- дамытамыз десек, сол шектен әзірге төмендетпеуіміз қажет,-дейді белгілі сарапшы.
Аталған мәселе қоғамда қызу талқыға түскен сәтте Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Үкіметтің бұл бастамасы түбегейлі шешіліп қойған мәселе емес, әзірге тек ұсыныс екенін атап өтті. Спикер бұл мәселені алдағы уақытта Парламент қабырғасында депуттаттар мен қоса белгілі сарапшыларды шақыра отырып, жан-жақты саралап барып, шешім шығаратын боламыз, дегенді айтты. Алайда, жоғарыда пікір білдірген экономикалық сарапшы Мұрат Қастаев Парламент үкіметтің ұсынысына қарсы батыл шешім шығарып, Бектнов командасын райынан қайтарады дегенге сенбейтіндігін айтады.
Парламентте шынайы оппозиция жоқ, жоғарыдан не айтылады, депутаттар соны қолдап, құптай салады. Respublica партиясында кәсіпкерлер көп, соларға үмітім болған. Алайда олардың Парламенттегі саны аз және олар да үкіметтің көрсеткен бағдарымен жүре береді. Осы жерде айтарым, елде шынайы демократия болса, Парламентте оппозициялық күштер де болар еді. Олар қазіргідей бюджет тапшылығы болған кезде бұл үкіметке сенімсіздік білдіріп, кетіретін еді. Демократиялық елдерде жүйе солай жұмыс істейді. Былайша айтқанда, «Әй, қолыңнан келмейді ме, орныңды босат, басқалары келсін», — деген секілді. Яғни, экономикадағы проблемалар айналып саяси жүйенің қатып қалғанына келіп тіреледі. Экономикалық реформалар саяси реформалармен қатар жүру керек.,- дейді белгілі сарапшы.
Оның пікірінше, Үкімет жетпей жатқан қаржыны артық мәселеге бастарын қатырғысы келмей, ҚҚС салығын көтеру, айыппұлдардың санын көбейту арқылы бизнес пен халықтың қалтасынан ала салғысы келіп отырған көрінеді. Яғни өздері үшін ең оңай жолын таңдаған.
Бюджет тапшылығы мәселесін шешудің екі жолы бар. Оның бірі — бюджет табысын арттыру (салық, төлемдер, айыппұлдарды көтеру арқылы), немесе бюджет шығындарын азайту. Ал үкімет шығындарды азайтудан гөрі салықты көбейті жолын таңдады. Алайда салық мөлшеріне тиіспей, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің шығынын азайтып, бар салықтарды дұрыстап өндіруді қолға алып, керек емес салық жеңілдіктерін алып тастау арқылы-ақ мәселені шешуге болар еді.
Ал біздің Үкімет қиналғысы келмейді. Яғни ең жеңіл жолмен жүріп, жетпей жатқан қаржыны бизнес пен халықтан ала салайық дегендей өадам жасап отыр. Әрине оны бизнес те, халық та түсіне бермейді. Онсыз да бәрі қымбаттап жатыр, халықтың жағдайы ауырлап бара жатыр, бизнестің жағдайы мүшкіл, сондықтан тек теріс пікірлерді ғана естіп жатырмыз,- деп атап өтті М. Қастаев.
Сарапшы келтірген тағы бір қызықты дере, әлемдегі салық мөлшері ең жоғары ел деп саналатын Америка құрама штаттарында Қосымша құн салығы деген мүлдем жоқ көрінеді.
Мәселен мен тұрып жатқан АҚШ-та ҚҚС атымен жоқ. Мұнда сату салығы бар, яғни сатылған тауар не қызмет бағасына қосылатын салық, әр штатта әрқалай, бірақ орта есеппен алғанда 6-8 пайыз аралығында.
Мәселен, біздегі жеңілдетілген декларация режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер түскен табыстан 3 пайыз беріп отырған сияқты салық түрі. Тек мөлшерлемесі бізден 2-2,5 есе жоғары. Сату салығының бір артықшылығы -оны санау және есептеу жеңіл. Сату салығы өнім жолының ең соңғы сатысында алынады. Ал біздегідей ҚҚС әр кезеңде өсіп отыратын болғандықтан тауар бағасына айтарлықтай әсер етеді,- деп ойын қорытындылады сарапшымыз Мұрат Қастаев.
Фото: Ашық дереккөзден