СҚО-да алимент үшін миллиондаған қарызы бар әкелер құмар ойынын ойнап жүрген

Облыстағы борышкерлердің букмекерлік кеңселердегі операцияларының жалпы сомасы 56 млн теңгені құрады,  деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы мәлімдеді.

Алимент бойынша борышкер әкелер балаларына бірнеше миллиондық қарызы бар бола тұра, букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға үлкен ақша жұмсап, өз міндеттемелерін елемейтіні анықталды,

Мысалы, 4,7 млн теңге мөлшерінде алимент бойынша берешегі бар борышкер, бір жыл ішінде «1xBet» букмекерлік кеңсесіндегі өзінің аккаунтын жалпы сомасы 33,9 млн теңгеге траншпен толықтырып, көрсетілген кезеңде ұтыстан  14,8 млн теңге тапқан.  

 Сол сияқты, атқарушылық іс жүргізу бойынша тағы бір борышкер 1,8 млн теңге алиментін төлемей, екі ішінде «Olimpbet» букмекерлік кеңсесінде 2,5 млн теңге ұтылған.  Жалпы саны  6 борышкерге қатысты осындай дәйектер анықталды.   — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Аталған фактілер бойынша ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, баптың санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Фотоколлаж: дереккөзден.