Би клубына жасалған шабуылдан екі бала көз жұмды

Жантүршігерлік қайғылы оқиға Англияның солтүстігіндегі Ливерпульге жақын Саутпорт қаласындағы балалар би клубында болған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы, ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан екі бала пышақ жарақатынан қайтыс болса, тағы тоғызы ауыр жараланды. Дереккөздің жазуынша балалардан бөлек тағы екі ересек адам жарақаттанған. Олар балаларды қорғамақ болған. Күдікті ретінде Бэнкс қаласының 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Алайда оның мұнда йқадамға не үшін барғаны әзірге анықталған жоқ.

Жергілікті полиция оқиғаның террроризмге қатысы жоғын мәлімдеді. Құқық қорғау органы тергеу жүргізіп жатқанын, тұрғындарды қандай да бір нақты емес болжамдар жасамауға шақырды.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаған жасөспірім Саутпорт орталығына таксимен келіп, жүргізушіге жол ақысын төлеуден бас тартқан. Одан соң бетперде тағып алып,  бірден балалар клубына кіріп қолындағы пышағымен   шабуыл жасаған.

Фото: дереккөзден